👈 қаріп өлшемі 👉

  22.01.2022
  174


Автор: Жаңа заман ертегілері

Енді не істейміз?

Өз қателігін енді ғана түсінген Бекен бұрынғыдай өзеуремей, басылып қалыпты.
Жарақаттап алған тізесін сипалап, ақырын күбірлей береді. Соғыс министрінің екі жүзді әрі жауыз адам болып шыққанына тіпті де сенер емес. Бәрінен бұрын өздерінің Дән еліндегі қантөгісті тоқтата алмағанына күйінішті.
– Енді не істейміз? – болды ақыры торығып, жасып қалған баланың аузынан шыққан сөз.


көгершін кептер сурет
Қысылтаяң сәтте ақыл тоқтатқан да есті көгершін:
– Байқайсың ба, жаңағы атыстан кейін зымыранымыз шайқалып, дұрыс ұша алмай келе жатыр. Алдымен бір қолайлы жерге қонып, оның бұзылған тетігін түзейік. Ептеп жүрек жалғап алмасақ, тағы болмас. Сонан кейін ойласармыз, – деді.
Бұлардың қонған жері бір шағын қалашықтың маңы, орманның шеті екен. Айнала бейбіт тірлік: өрісте жайылған мал, жолды бойлап зулаған машиналар.
Бекен қол көтеріп, солардың бірін тоқтатты да, өздерінің жағдайларын айтты.
Жүк машинасының жүргізушісі самайын ақ шалған егделеу кісі еді. Асығыс болса да, баланың өтінішін орындауға келісті. Саяхатшылардың мақсатын естіп, таңданысында шек жоқ. Қайта-қайта таңдайын қағып, басын шайқай береді. Зымыранның бұзылған жерін жөндей жүріп те, аузы сөзден тыйылар емес:
– Дән еліндегі соғыс бүкіл жер жүзінің бейбітшіл халқын алаңдатуда. Соғысты тоқтату туралы көптеген елдің өтініш жасап отырғаны да белгілі. Әзірше басқыншылар құлақ асатын емес. Енді Дәнді қолдайтын басқа елдер бірігіп, сойқанды тойтарып тастағаннан басқа амал жоқ. Қантөгіс сонда ғана аяқталмақ.
Бекен: «Расында осы дұрыс-ау»,— деп ойланып қалғанымен, Шапағаттың пікірі басқаша екен:
– Соғысты соғыспен тоқтату оңай емес. Бейбіт жолын қарастыру керек. Әйтпесе қан тіпті көп төгілмей ме? Сіз бізге соғысты тез арада тоқтатудың жолын айтыңызшы, – деді Шапағат жүргізушіге үміттене қарап.


зымыран сурет фото
Зымыранды жөндеп болған соң, жүргізуші қалаға барып, біраз тамақ әкелді.
Қасында бір ғұлама адам бар. Бұл осы қаладағы оқу орнының оқытушысы екен. Ол қысқа ғана сөйледі:
– Ел мен елді достастыру үшін алдымен олардың әрбір адамын достастыру керек. Бұл, әрине, оңай шаруа емес. Адамдардың мінезі, ұстанған идеясы әрқилы ғой.
Адамдардың ішкі дүниелері де, көзқарастары да бір-бірімен онша қабыса бермейді.
Биолог ғалымдардың зерттеуінше, адамдардың жүрегіне бір-біріне деген таусылмас сүйіспеншілік орнату керек. Сонда олар әрқашан дос және бауыр болмақшы. Ал ол үшін жасалып жатқан шаралар әр түрлі. Бұл әрекет кейбір елдерде ғана іске асуда.
– Адамдарды бір-біріне қалай мейірімді етуге болатынын Ынтымақ аралында тұратын Ғалым ата біледі. Соған барып сұрап алыңдар, – деді оқымысты




Аудио нұсқасы



Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы