Өлеңдер ✍️

  21.01.2022
  83


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Дала, жырдың көркі едің...

Дала, жырдың көркi едiң,
Мен далада ерке едiм.
Ендi астында жатырмын
Дәрi сiңген көрпенiң.
Қалды ма әлде ұйып қан,
Сергек сезiм бұйыққан.
Сырқат деген мiнiп ап,
Түспей қойды иықтан.
Өмiр, неңдi бұйырдың,
Емханаңа иiрдiң.
Сыты
рлайды буындар
Бақайындай сиырдың.
Қыздар түске кiрмейдi,
Көңiл жатып кiрлейдi.
Жыршы құсым келмейдi,
Қалам құрғыр жүрмейдi.
Мұндай-мұндай кездерде
Қашады екен сөздер де.
Жалтақ-жалтақ қараймын
Жаутаңдаған көздерғе.
Өлең шiркiн келер ме,
Тiрлiк сенi елер ме –
Өзiң туған даланы
Көре алмасаң егерде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу