Өлеңдер ✍️

  21.01.2022
  127


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Бақта

Мынау сылқым көктем бе, ей?
Бұл бақтарға қызғалдақтай
Қыздар жауып кеткендей.
Құмартады көңiл шiркiн бiр қанбай,
Гүл орнына қыздар-ақ
Билеп-толқып тұрғандай.
Жүрек, тыныс алшы жай,
Бозбалалар қансонарда iз кескен
Кәнiгi бiр аңшыдай.
Ән тыңдайсың құлақ түрiп, көз талмай,
Көктем, көктем екен ғой
Күмiс көмей, жез таңдай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу