Өлеңдер ✍️

  21.01.2022
  108


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Егерде...

Қыз – Көкше, құмартады аспан күліп,
Берер ме ең биiгiңе басқанға үмiт.
Егерде Сәкенiңдей ақын болсам,
Мен-дағы жазар едiм дастан қылып.
Бiлмеймiн иыр-қиыр жол бұраң ба,
Жете алмай, биiгiнде болдырам ба?!
Егерде Тәттiмбеттей күйшi болсам,
Күмбiрлеп тұрар ма едiң домбырамда?
Канша шап, жығылмайды жолына өр тiк,
Көрген бе Құлагердiң жоны бөртiп.
Егерде Ақаныңдай серi болсам,
Жүрер ем сұлулықты соңыма ертiп...


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу