Өлеңдер ✍️

  21.01.2022
  107


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Қызыл гүл

Сұлулардың сымбатын мөлдiретiп,
Махаббатты келемiн мен жыр етiп.
Қара көздер қоя ма, кезiккенде
Жiбередi жүректi елжiретiп.
Сал-сезiмдi бойдағы бөрiктiрiп,
Елжiретiп, кетедi елiктiрiп.
Калай ғана иiскемей кете аласың,
Қызыл гүлдi көзiңмен көрiп тұрып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу