Өлеңдер ✍️

  21.01.2022
  119


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Хат

Қыздар, сұлу болмасаң,
Қарамас та едiм мен.
Сендер бiр хат жолдасаң,
Жазбайсыңдар тегіннен.
Конвертке көз тоярдай,
Кеудеме де басамын.
Бiреу көрiп қоярдай
Өз-өзiмнен сасамын.
Салмақты бір пiшiнде
Ашам десем де ұрланбай,
Осы хаттың iшiнде
Бiреу сөйлеп тұрғандай.
Үмiт оты жанады,
Жүрек алып ұшады.
Ынтықтырып барады
Бiр сұлудың құшағы.
Құшақ жайса қыз күлiп,
Ентiгiмдi баса алмай,
Хат сыртынан үздiгiп,
Әлi тұрмын аша алмай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу