Өлеңдер ✍️

  21.01.2022
  144


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Арқаның ақ бораны

Айналама кеткендей асып әнiм,
Сол бiр сәтте кеудемде тасып ағын,
Жапалақтап ақ ұлпа түскен сайын
Ақ боранды көргенше асығамын.
Ақ борандар, әнекей, түтедi ме,
Жолда жүрсең алдыңнан күтедi не.
Астыңдағы арғымақ адасады,
Жауған қарлар жанарын бiтедi де.
Бiр құлайсың адасып, бiр тұрасың,
Бұрқырасын ақ боран, бұрқырасын!
Содан кейiн, ақ далам, сен өзiң ғой
Он алтыдағы арудай құлпырасың.
Қандай әсем асқар тау, қияқты қыр,
Қыран көрсе, тiлейдi тұяқ дүбiр.
Ақ бораннан кейiнгi әппақ дала
Жап-жаңа, қайта туған сияқты бiр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу