Өлеңдер ✍️

  21.01.2022
  89


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Кексе ақынмен әңгіме

Ақындар көп сымбатты,
Әрқилы тек өресі.
Өлеңдерге сын қатты,
Уақыт бар төреші.
Жазғандарым тиіпті
Өткен күнге дұға боп.
Бүгінгілер биік-ті,
Бүгінгіге куә көп.
Шабыт содан шабандап,
Қалам содан кібіртік.
Арт жағыңа алаңдап,
Кете алмайсың жүгіртіп.
Жастар қуып шықты ғой,
Шаршадым мен жазудан...
Күрек тістер мықты ғой
Босап тұрған азудан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу