Өлеңдер ✍️

  21.01.2022
  97


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Өң мен түс

Түсімде жерге қонбай ұшып жүрсем,
Өңімде көше кезіп жаяулаймын.
Түсімде бір сұлуды құшып жүрсем,
Өңімде Мәжнүнге таяу қайғым.
Түсімде Бауыржандай батыр-ақпын,
Жауларды топырлатып түйдек қырған.
Өңімде нәп-нәзік бір жапырақпын
Самалға есі қалмай билеп тұрған.
Түсімде аумай тартқан Абай болам,
(Бұл көңіл қашпақ емес алайда одан).
Өңімде өлең келмей, ал ойланам,
Абайдай қалай болам, қалай болам?
Түсімде тарқамайды ән-думаным,
Кеудемнен кетпейді бір көл менен құс.
Өңімде жеткізбейді ал қуғаным,
Кетеді адастырып өң менен түс.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу