20.01.2022
  353


Автор: Әлібек Асқаров


Ақын Берқайыр Аманшин (1924–1986) “Жұлдыз” журналының поэзия бөлімін басқарып отырған кезде ол кісіге Қабыкен Мұқышев (1920–1976) бір топ өлеңдерін апарады. Содан өлеңнің тағдырын Қабыкен де сұрамай, Берағаң да айтпай, арада жарты жылдай уақыт өтіп кетеді. Бірде, көшеде екеуі оқыс ұшырасып қалады. Қабыкен табан астында:



 



– Әй, Берқайыр, Берқайыр,


Ағаң сенің ер Тайыр,


Өлеңімді баспасаң,


Қайта өзіме бер, қайыр, 


депті де, амандаспай да, қоштаспай да әрі қарай жүріп кетіпті.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу