Өлеңдер ✍️

  20.01.2022
  145


Автор: Арман Шеризат

Тоқтата алмай тояттар....

Тоқтата алмай тояттар, пенделіктің құлқынын,
Жалған көшіп барады жанарында жылқының.
Мұздап кеткен біздегі мейірімнің құрсағын,
Иірімге тартады уақыттың ұршығы.
Құдай барын ұмытып,құрдымға енген құбылам,
Меншік заңын орнатпақ менмендіктің буынан.
Бес күн жалған жүрегін иіте алмас,бұлқынып,
Бесігінде сәбидің ұйып жатқан уыз ән.
Жылқы текті бабалар рухынан үркіп ел,
Өн- бойынан өзінің надандығы мүңкіген.
Қара көзді қазағым, дүбәраға айналып,
Өгей ұрпақ ұлтына өлер болды күлкіден.
Шерге орап жанымды, көңілдегі шемен мұң,
Көрер едім Тәңірді көзі ашылса төбемнің.
Мұздап кеткен жүректі отырарма ем жылытып,
Жан ошағы лаулатқан, отыменен өлеңнің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу