![]() |
|
![]() |
Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.01.2022
61

Фариза
Бұлақ іздеп бұрқана аққан,
Қаршадайдан мұңға батқан,
Жазып жүрген құмға дастан,
Фариза!
Өз жарасын өзі басқан,
Жүрегінің көзін ашқан,
Бар қазақтың шөлін басқан,
Фариза!
Ада мақтан қошеметтен,
Кербұғыдай кесек өскен,
Жалқы мұңын жеке кешкен,
Жалғыздықпен некелескен,
Фариза!
Бірін таппай мыңға достан,
Өкінішін жырға қосқан,
Мұқағали мұңға қосқан,
Фариза!
Өмірінің гүлі құрбан,
Өлеңінің құлы қылған,
Махаббаттың құрығы ұрған,
Фариза!
Мәңгі өмірге ғашық еткен,
Тауқыметпен қасіреттен,
Тағдыр өзі ақын еткен
Фариза, дариға, Фариза …
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |