Өлеңдер ✍️

  20.01.2022
  158


Автор: Арман Шеризат

ЕЙ, ЖҮРЕГІМ

Жанарлы аспан арбайды есімді көк,
Менің жаным бір әлем кешіп жүрер.
Күні-түні кеудемде дамыл таппай,
Нені аңсадың тіл қатшы, жетім жүрек?
Алып ұшқан сендегі сағыныш па?
Санам неге түсесің сабылысқа?
Әлем мынау ән болып кетер ме еді?
Жүректердің айналып бәрі құсқа.
Құс боп ұшу сен үшін бақыт шығар,
Бейбіт құстар ақынды ғашық қылар.
Басымдағы батпандай ауыр ойлар,
Аспан болып үстіңнен басып тұрар ...
Ақын жаны жақын-ау ессіздікке,
Білем, сен де тұтқынсың бес күндікке.
Көрге тәңір тыққанда қара тәнді,
Сен де айналып кетерсің шексіздікке
Ей, жүрегім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу