Өлеңдер ✍️

  20.01.2022
  144


Автор: Арман Шеризат

Шер

Бауыржан Игілікке...



Құндылығым жатыр бүгін тонауда
Адамдықтан қалып барам...
Содан ба?!
Миларында ақша ұлыған пенделер ,
Аш қасқырдай анталап жүр қоғамда.
Жүр, кетейік одан да!
Қасиеттен, қара өлеңнен құн кетіп,
Қара жердің бәрін болды түрме етіп!
Аспан жаққа аттанайық кешегі
Көшпендінің рухымен тілдесіп!
Біз кетейік, осы шығар дұрысы ...
Жердің мынау — жерлік заңы құрысын!
Дүниені төңкерсін кіл тобырлар
Жоқ оларда жұмысым!
Біз іздеген көкте әділет бар шығар?!
Қатарымда жан қалмады хал сұрар ...
Кім біледі, әруақтардың көз жасы —
Түйсігімді ұрып жатқан тамшылар?!
Кешірмейді-ау, шыныменен, бізді олар...
Кір қоғамнан арылайық жүр, доғар!
Уыз-нұрын «құдайсыздар» таптап жүр
Аспандағы күнге обал ...
Түсіне алмай жүрген жандар өз ішін
Табиғаттың нұрын қалай сезінсін?!
Ақындардың жырын қалай сезінсін?!
Онда менің армандарым көз ілсін
Сен мен үшін — төзімсің... Өзімсің...
Солай досым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу