Өлеңдер ✍️

  20.01.2022
  338


Автор: Арман Шеризат

Жаным....

Жаным, менде
Сезім де ерек, мұң да ерек,
Менің мұңым
Өзгелерден, біл, бөлек.
Көк әтірмен жұпарланып көктемде
Көбелектей сыр айтамын гүлге кеп.
Маңдайыма махаббаттың демі үрсе,
Шабыттанып шарқ ұрамын теңізше,
Жаным менің жаурап қалар сезімсіз
Күздің соңғы жапырағын жел үзсе.
Байламы аздау балалықты сен білген,
Арманы — айғақ, ақылыма жеңдіргем.
Алғаш рет кездестірген бізді үнсіз,
Жағабаққа өзіңді іздеп келдім мен.
Төкті жаңбыр, саулап жатқан төбем — құт
Қуанышқа, шын бақытқа бөлендік.
Біз жамылған махаббаттың аспанын,
Ақын бұлттар оқып жатты өлең ғып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу