Өлеңдер ✍️

  20.01.2022
  126


Автор: Арман Шеризат

Аяғына қоя салшы нүктесін ...

Мендік сезім — махаббаттың көктемі,
Мендік үміт — мейіріңнің жеткені.
Сезімімді қанатына қондырып,
Көңілімнің саған ұшты кептері.
Еркек — ақыл, бағынбадым ол заңға
Сені жаным көп іздедім сол жазда ...
Күлімдеші, ұсынайын қолыммен
Жүрегімді өзің жайлы қолжазба.
Естеліктер ес ішінде жаңғырған,
Ол да гүлдеп, баққа айналды жаңбырдан.
Қиялдағы елесіңді қуалап,
Мен ақынмын дүниені қаңғырған.
Белгілі енді бұрынғыдай күтпесің,
Бәрі осылай бітсінші енді біткесін...
Баянына жете алмаған бақыттың,
Аяғына қоя салшы нүктесін ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу