Эсселер ✍️

  20.01.2022
  237


Менің сүйікті жануарым

Ит


Ит адамның ен сенімді досы. Ол біздің үйімізді және отбасы мүшелерін күзететін керемет жануар. Бұл үй жануарлары өз адалдығымен ерекшеленеді, қажет болса, өз қожайыны үшін құрбан болуға дайын. Полиция қызметкерлері, қылмыскерлерді іздеу үшін иттерді қолданады. Арнайы үйретілген ит есірткіні де, қаруды да таба алады. Бұндай иттер әсіресе шекарада пайдалы. Иіс сезу қабілеті жақсы дамығандықтан, олар контрабандалық тауарларды жылдам анықтайды. Ит жер бетіндегі ең ақылды тіршілік иелерінің бірі. Егер өзіңіздің құйрықты досыңызға дұрыс күтім жасасаңыз, ол сізге шексіз адал болады. 


Жылқы


Менің ең сүйікті жануарым жылқы. Олар ақылды және әдемі хайуандар. Ежелгі уақыттан бастап, ат адамның өмірінде үлкен рөл атқарған. Мысалға, соғыс кезінде атты әскер негізгі күш болып саналған. Ол кезде автокөліктер болмағандықтан, адамдар осы жануарлардың арқасында алыс қашықтықтарға сапар шегуге мүмкіндік алған. Жылқы тек көлік ретінде ғана емес, сондай-ақ, шаруашылықта да пайдаланылған. Мен жылқыларды жақсы көремін, олар қасиетті жануарлар. Егер адам өзіне сенімді және берік дос тапқысы келсе, жылқыға сүйіспеншілікпен қарауы керек. Себебі, ат өте сезімтал, немқұрайлы қарайтын адамға жақындамайды.



Мысық


Мен үйде мысық асыраймын. Оның есімі Томи. Томиды үйге әкем алып келді. Басында ол кішкентай және қорқақ болды, бірақ, бір аптадан кейін үйреніп кетті. Ол менімен ойнағанды ​​жақсы көреді. Күйзеліс кезінде, менің көңіл-күйімді көтеруге тырысады. Олар стрессті басады, бұл ғылыми дәлелденген факт. Мен Томисыз өмірімді елестете алмаймын. Кейбір адамдар, мысықтарды тышқан аулау мақсатында ғана үйге кіргізеді. Бірақ, мен өз мысығымды толыққанды жанұя мүшесі ретінде санаймын. Ол өте мейірімді және өз иелерін жақсы көреді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу