👈 қаріп өлшемі 👉

  Эсселер ✍️

  20.01.2022
  39


Автор: Әкім Ысқақ

Ешкімді де жек көрмеші

Ия, ешкімді де жек көрмеші. Жасаған қателігін де кешіре біл!


Бәрін, бәрін құрметтеуге тура келеді.Себебі, жақсылықты алдан үміт етіп күтетін ол да адам ғой. Ол да бұл жалғанның мәңгілік тұрғыны емес,  бар жоғы қонағы ғана емес пе?! Ол пенделік жасаса да біз пенделік жасамайықшы!


Түтіні бүтін, төртеуі түгел ешкім жоқ!


Ия, біреудің байлығы жоқ! Ал біреудің алып жатқан айлығы жоқ!  Біреудің сүйеу болар досы жоқ! Біреуде соңынан ерген бауыр жоқ! Ал біреуде бала жоқ! Ал біреудің аялайтын ата-анасы жоқ! Жақыны жоқтың жақынындай болып ықылас танытшы! Бауыры жоқтың бауырындай, ауылы жоқтың ауылындай бола білші! Жарыққа, ізгілікке зәру пенде бар жоғы бір жылу күтеді, тамшыдай болса да соны тарту ете білші.Қамқор көңілмен, жылы жүрекпен, адами ықыласпен тіл қатшы! Кемшілігіне қарама, жаны жабырқауды, көңілі кемді бағала! Жетім көңіл бейне бір шырылдай ұшқан шағала!


Ия, өмірге нәресте болып келіп, бала боп кеткендер қаншама?! Келген жанның кететіні анық. Тек өмірге өкпелеп, күйіп кетпесінші.Бұл дүниеде ешкімге өкпелеуге болмайды! Құр сөзге, өсекке сенбеші. Пендешілікке пендешілікпен жауап бермеші.Қайта мынау жалғанда бір жақыны бар екенін сезінсінші! Бұл фәни осынысымен көркем емес пе?! Біреу сені жек көрді деп біз де жек көрсек өмірімізде не мағына қалмақ? Біреу тас лақтырды деп біз де солай жауап берсек адамдығымыз қайсы?


Өтінемін, өтініш: ешкімді де жек көрмеші!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы