Эсселер ✍️

  20.01.2022
  170


Автор: Айдар ТЕМІРБЕКҰЛЫ

Ауылымды сағындым

Тұрғындары тек, бір рудан құралған ауылдар болады. Ағайындылар. "Қырық үйден тыйым" іс жүзінде осындай ауылдарда орындалады. Кез келген жасы үлкен адам ақылын айтады. Тіпті ұрсып алуға құқылы (сабайды))


Міне, мен сондай ауылдардың бірінде туып, өстім. Қазақи тәлім-тәрбиеден кенде болмадым. Бала күнімде ешек көкпардан бастасам, есейгенде аттың құлағында ойнап, көкпар, қыз қуу, теңге алу... дегендердің бәрін бастан өткердім. Шежіре қарттардың әңгімесін тыңдап өстім. Үлкен қалаға келгенде, үлкен кісі көрсем қос қолымды ала жүгүруді әзер қойдым. Қоғам қойдырды.


Ауылымыз ағайындылар болғандықтан бізде "Бала махаббат" деген болмайтын. Кинодан көріп, кітаптан оқығанымыз болмаса сезінбей кеттік...)))


Ауылға бөтен қыз келсе топырлап қаламыз. Қыз келген үйді айналшықтап шықпай жүретінбіз. Жігіттер келсе де солай. Шақырып алып жігіттігін сынаймыз))


Ээх, сол кездер қызық еді... Осындай ауылда туғаныма, тұрғаныма өкінбеймін. Керісінше мақтанышпен айтар едім. Аман бол, аяулы туған ауылым!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу