Өлеңдер ✍️

  20.01.2022
  164


Автор: Арман Шеризат

Барыммен сүй....

Барыммен сүй, іздеме, жоқты менен,
Жаныңмен сүй, балқысын отты денең.
Ғашық жүрек тауысып төзімімді,
Тайқы маңдай тағдырдан соққы жеген.
Соққы жеген, сонда да басылмаған,
Менде ұлы сезім бар ашылмаған.
Жеткізе алмай жүректі сүйгеніне,
Алып келем қалқалап басымды аман.
Жүрегіммен білмеймін жарастым ба?
О, махаббат, сен мені адастырма!
Сезім — ол да көктем ғой, бүр жаратын,
Көктемімді өлтірме қар астында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу