Өлеңдер ✍️

  20.01.2022
  181


Автор: Арман Шеризат

***

Мен кеттім бақытты ғып бөтен қызды,
Сен қалдың қастерлеумен некеңді ізгі.
Адаспай бір бақытқа жетсек деген,
Армандар алдапты ғой екеумізді.
Сағынышты ойларым жұлдыздана,
Кешуменен кештерде жүрміз бе азап?!
Қиысуға тиісті қос тағдырлар,
Қиыспайтын жолдардан тұрмыз қарап.
Сезімімді жасырып қоям ішкі,
Таппасам да жаныма таянышты.
Кездесулер не деген аяулы едің,
Қоштасулар не деген аянышты.
Жазылмайтын жүректің дертісің бе,
Жүргендеймін алапат өрт ішінде.
Қалып қойды-ау баянсыз біздің бақыт,
Оралмайтын уақыт еншісінде...

роза гүл сурет



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу