Өлеңдер ✍️

  20.01.2022
  121


Автор: Арман Шеризат

***

Аспалы көпір астында,
Бейнеңді көрем жағадан.
О, менің аппақ сезімім!
О, менің аппақ шағалам!
Куәсі болып сол күннің
Сұлбамыз суда елтіп нұр ...
Көшіне сонау толқынның,
Кетіп ек сырды шертіп бір.
Санама сезім бағынбай,
Ұмытқам сонда қайғыны.
Толқыды менің жанымдай
Ертіске түскен ай нұры.
Жабырқап жазға айтам ән,
Айналып күзге кеткенмін.
Оралдым жалғыз қайтадан,
Көз жасын көріп көктемнің.
Мұңлықты көпір тыңдар ма?
Телміріп тұрмын қайта алмай.
Төбемнен көшкен жылдарға,
Төменнен үкім айта алмай ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу