Өлеңдер ✍️

  20.01.2022
  95


Автор: Арман Шеризат

Адасқақ

Арғымақтай тулаған,
Аш бөрідей шулаған.
Көк Тәңір сүйген Түркінің
Анасы болған бұл далам.
Тұранның бойы — тұғырым,
Ғұндардан қалған ғұрыбым.
Алты Алаш болып бөлінбей,
Алтайдан өнгем ... Тірімін ...
Атымның жалын тарта алмай,
Ауып бір кеткем арқардай,
Атамнан қалған тарихты,
Атанға келем арта алмай.
Айқасқан жаудың кәрі ме,
Адасып жүрмін әлі де.
Аспан мен жердің арасы
Кісінеп рухы жылқының,
Әмірі жүрген Түркінің,
Жарық Күн куә бәріне!
Жарық Күн куә бәріне!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу