Өлеңдер ✍️

  20.01.2022
  111


Автор: Арман Шеризат

* * *

Он үшінде отау тіккен халықтың,
Қасиетіне бала күннен қанықпын.
Он бесінде бас болады ұлтының,
Уызына өсер болса жарып кім!
 Үйреткен соң бала күннен тай мініп,
Біздің жүрек көрген емес шайлығып.
Күрес керек тірлікте де дәл сондай,
Тізгініңнен қалмас үшін айырылып.
Алаш жаққан кеудемде ұлы сөнбес күн,
Қарсы тұрып қайғымен де белдестім.
Мағжан сенген өр жастары тұрғанда,
Қазақ елін жеңе алмайды енді ешкім.
Дәстүріммен бұзылмаған салтым бар,
Сол дәстүрден келеді алып халқым нәр.
Қарсы келген қас дұшпанға ал жүзім,
Махамбеттің қылышындай жарқылдар.
Келбетіме әлем мойын бұрғанда,
Дана Абай боп асқақтайды тұлғам да.
Жаса Қазақ, жаңылма енді жолыңнан,
Жастар жылы ту көтеріп тұрғанда,
Он үшінде отау тіккен халықтың.
Он үшінде отау тіккен халықтың,
Қасиетіне бала күннен қанықпын.
Он бесінде бас болады ұлтының,
Уызына өсер болса жарып кім!
Үйреткен соң бала күннен тай мініп,
Біздің жүрек көрген емес шайлығып.
Күрес керек тірлікте де дәл сондай,
Тізгініңнен қалмас үшін айырылып.
Алаш жаққан кеудемде ұлы сөнбес күн,
Қарсы тұрып қайғымен де белдестім.
Мағжан сенген өр жастары тұрғанда,
Қазақ елін жеңе алмайды енді ешкім.
Дәстүріммен бұзылмаған салтым бар,
Сол дәстүрден келеді алып халқым нәр.
Қарсы келген қас дұшпанға ал жүзім,
Махамбеттің қылышындай жарқылдар.
Келбетіме әлем мойын бұрғанда,
Дана Абай боп асқақтайды тұлғам да.
Жаса Қазақ, жаңылма енді жолыңнан,
Жастар жылы ту көтеріп тұрғанда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу