Эсселер ✍️

  19.01.2022
  145


Абай өлеңдеріндегі табиғат суреттері саған қалай әсер етті?

Мен Абай өлеңдерін жаттап өскен қыр баласымын. Өлеңдері жаныма аса жақын, әр жолы жанды сурет пен шуақты сезім сыйлайды. Абайдың шеберлігі – табиғаттың сан құбылысын ерекше суреттеуінде.


 


Ақын өлеңдерінде, ең алдымен, жыл мезгілдері қамтылған: шектеулі уақытқа шамданған қыс-қарт кәріне мінсе, жер әлемді жайнатқан күн-ханшайым өз пәрменін жүргізуде, жаздағы сұлу бұтамен сырласқан бозбала талды бір демде сымбатынан айырып, қайыршы күйге түсірген сиқыршы-күз, санада өлеңмен өрілетін сан бояулы суреттер.


 


Екіншіден, тасадан қызықтыратын құпия кейіпкерлері қаншама?! Айды еркелеткен өзен, тауды тұқыртқан түн, жапырақ сырын тыңдаған самал жел... Ғажайып суреттер!


 


Абай сыйлаған дала ертегісі… Шаттанамын, суреттер сырын ұғамын. Әсерленем, себебі табиғаттың төл баласы, құпия кейіпкердің бірі – өзім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу