Өлеңдер ✍️

  19.01.2022
  140


БАЙҚУАТ ТӨКЕНОВ

* * *

Күз. Қыс. Көктем.
Жазда келер жадырап,
Жайқалады жасылданып, жапырақ.
Жалғыздықтан жапа шекті жанымыз,
Бақыттымыз азырақ.
Қыс. Көктем. Жаз.
Күзде келер мұңайып,
Екеумізге тағылады бір айып.
Жапырақтың құлағанын қызықтап,
Қош айтысып тұрайық.
Көктем. Жаз. Күз.
Қыста келер ағарып,
От жүрегіңде бір сызаттың бары анық,
Айна алдында тосып мені жаным-ай,
Отырмассың таранып.
Жаз. Күз. Қыс.
Көктем келер күлімдеп,
Маған тағы табылады бір үндес.
Жапырақпен жерге түскен сезімдер,
Өле ме екен дірілдеп?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу