![]() |
|
![]() |
Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.01.2022
58
Сенім
Тарпаң жырды тұсаулаған ұл едім,..
От жалынды жырыңды оқып түледім.
Серттен берік сеніміңе сай келіп,
Сеніміңді ақтау болды тілегім.
Менің асқақ көкірегіме нұр тұнып,
Қаққым келді қанатымды ұмтылып.
Өсиетіңді өміріне тұмар ғып,
Ұяда тұр бала қыран бұлқынып.
Тылсым әлем бесігімді тербетіп,
Көңіліме ой құйылады селдетіп.
Өзегімді өлең өртеп, жан баба,
Бара жатыр шөлдетіп.
Далаң жатыр, талантыңа табынып,
Көл көзінде мөлдір моншақ тағынып.
Ерте айырылып от жүректі ұлынан,
Тауларың тұр қамығып.
Асыл бабам, мен де өзіңді аңсадым,
Сенің сөзің – бойтұмары баршаның.
Жаныңызда кеткен қымбат сөз қанша?
Қанша мұң?!.
Жастарыңа үлкен сенім арнадың,
Сеніміңді ақтадық па, заңғарым?!
Кім ойлаған соншалықты ауыр деп,
Сенім деген бес әріптің салмағын.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |