Өлеңдер ✍️

  19.01.2022
  176


ЖІБЕК ТЕҢІЗБАЕВА

Бақыт деген не?

Бақыт деген не десең?, айтайынба, ағайын,
Кей ананың, әкенің түсінемін мән-жайын,
Бақыт деген періште титтей ғана баламыз,
Ал ендеше кейбірің құлақ салып қараңыз.
Бәрімізде пендеміз кішіпейіл адамбыз,
Көз алдында баланың қырғи-қабақ болмаңыз.
Арақ түгел сыраны, ауызғада алмаңыз,
Уақытыңды көп бөліп балаңызға қараңыз.
Тәрбиесі баланың ата-анаға үлкен сын,
Кір-қожалақ, лас болса анасына үлкен мін,
Дұрыс бағыт бермесе әкеніңде, міні бұл,
Балаңызға үлгілі тәрбиені ұғындыр.
Кей аналар ботасын жұлып алып тастайды,
Өз ісіне өкініп, тіпті ойланып саспайды,
Тірі кезде бақытты ұғынбаған аналар,
Миы кіріп түбінде өзін-өзі қаралар.
Кей әкелер жас қыздың абыройын ластайды,
Өз әйелін ұмытып, қолын бұлғап тастайды.
Шырылдаған ұл-қызын қия салып кеткенмен,
Амалынан Алланың еш жауапсыз қашпайды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу