19.01.2022
  150


Менің мамандығым

Мамандық - адам баласының ғұмыр бойына айналысатын жұмысы. Күнделікті көңілді күймен келіп жұмыс жасайтын сүйікті ісі. Мамандық таңдау өте жауапты шешім. Ұстазымыз әркез «өмірде мамандық таңдаудан қателеспендер» деп айтып отырады. Өйткені мамандық сенің табыс көзің, өмір бойына айналысатын сүйікті ісің. Өмірде сүйікті ісің өзінің табыс көзіңне айналдырған адам бақытты. Себебі жұмысында шаршап шалдықпайды, керісінше қуана жұмыс жасайды. Бұл адамға шабыт беріп, қуаныш сезімін оятады.


 


Менің мамандығым – кітапхана ісі. Бұл жұмыс маған қатты ұнайды. Кішкентайымнан кітап оқығанды, кітаптағы кейіпкерлерімен тілдескенді жақсы көремін. Бұл мамандыққа деген қызығушылығымды оятқан мектептегі кітапханашы апайым. Мен әркез кітап алуға баратынмын. Кітаптардың сан түрін көріп, тамсанып, кітаптар арасында күнұзағына отыра берім келетін. Апай әрқилы әдеби кештерді ұйымдастырып, өлеңдер оқудан жарыстар болатын. Мен бәріне қатысысып, әркез жүлделі орын алатынмын. Енді, міне, өзім жақсы көретін мамандықтың иесі атандым. Армандағанымдай күнұзағына кітаптар әлемінде тапжылмай отырамын. Өзім ұнатқан кітаптарды оқып, ой түйіп жүремін. Әрқилы әдеби кештер мен өлең оқудан жарыстар ұйымдастырып, балалардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға өз әсерімді тигізудемін. Менің мамандығым – менің мақтанышым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу