19.01.2022
  423


Үш би

Қазақ билері – ерте заманда қазіргі соттар мен тергеушілердің қызметін атқарған. Халық арасындағы дау-дамай мен мәселелерді шешіп, халықты бірлікке шақырып отырған. Қазақ әдебиетінде «Үш би» ұғымы бар. Олар Әйтеке би, Төле би және Қазыбек би.


 


Әйтеке Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған би. Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Ол 1644-1700 жылдары өмір сүріп, әдебиетке өшпес мұра қалдырып кетті. Қазақ хандығында Тәуке ханның тұсында мықты би болып «Жеті жарғы» заңдарын жетілдіруде қомақты үлес қосты. Жәнеде би ресми түрде хан кеңесшісі болған. Хандық замандағы жүз бен ру арасындағы дау-дамайлар мен халықтың бірлігін нығайту мәселелерін қарастырып, әркез бірлікті сақтауда мықты үлесің қосып жүрген.


Төле би Әлібекұлы 1657 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданында дүниеге келген. Атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаушылардың бірі. Халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып қалған. Төле би айтты деген мақадл-мәтелдер мен нақыл сөздер кең тараған. Төле би тұсында қазақ пен жоңғар үнемі жауласып тұратын. Екі ел арасына кіріптар болып, қазақтардың басын біріктіріп жоңғар шапқыншылығынан құтқаруда Төле бидің ықпалы зор болған.


Қазыбек би – қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Тәуке хан заңдар жинағын жасауда белсене қатысқан. Ол – жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. Халық арасында Қаз дауысты Қазыбек би деген атау қалыптасқан.


Қазақ халқының қалыптасуында осы «Үш бидің» алар орны маңызды. Барлық дау-дамай мен күрмеуі қиын мәселелерді шешіп, халықтың бірлігі мен тыныштығын сақтап отырған осы билер. Халық ауыз әдебиетіне де өздерінің өшпес мұраларын қалдыра білді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Акон
Акон 01.11.2023 13:18
Про

Пікір жазу