18.01.2022
  103


Өмір

Мен өмірге шексіз ғашықпын. Біз сүріп жатқан өмір тым керемет. Жаратушы ием мына әлемді қалай жаратты екен? Бәрі де орын орынымен, құс, аң, адам... недеген керемет үйлесімді жаратылыстар. Менің бұл өмірден аларым да көп, берерім де. Мен ұзақ өмір сүргім келеді. Осы өмірдің кереметтерін көріп үлгергім келеді. Артымнан өшпес із қалдырғым келеді. Қрпаққа аманаттайтын игі іс атқарғым келеді. 


 


Өмірді тек сүру аз, оны сезіну қажет. 


Өмір меніңше тек 4 этаптан тұратындай: өмірге келген сәтіміз, ер/бой жеткен сәтіміз, отбасын құрған сәтіміз, қорытынды сәт.  Бұл этаптардың бәріне жету, олардан сүрінбей өту барлық адамның басына қонатын бақ емес. Берілген өмірді, өкінбестей етіп сүру керек секілді. Сүйікті адамдарыңның жанында, сүйікті ісіңмен айналысып... Бақытты өмір сүруге адамға ешнәрсе кедергі бола алмайды. 


Өмірде ең бағалы дүние - уақыт. Барлық нәрсеге қол жеткізу мүмкін. Тек уақыт жылжып өте береді. Сондықтан да бұл өмірден адам, адам болып өтуге не жетсін. Ешкімнің ала жібін аттамай, ешкімге қиянат жасаймай, жолын кеспей, қарыздар болмай, бойымызды жаман әдеттерден аулақ ұстап өтсек өмірден таза болып кетуші едік.


Ертелі кеш кім де болмасын "Өмір деген не осы?" деген сұраққа жауап іздейді. Ол сәт менің өмірімде әлі келген жоқ сияқты. Сондықтан мен өмір туралы бар білерімді жаздым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу