18.01.2022
  348


Кітап - рухани байлық

Кітап өз-өзімізді тануға себепші болатын құрал. Сондықтан да ол біздің рухани байлығымыз болып табылады. Осы кітап арқылы біз бәріміз көп нәрсені бағындыра аламыз. Кітап оқу да бір өнер деп білемін. Себебі, кітап оқу барысында біз мәдениеттілікке, жан-жақты болуға үйренеміз. 


 


Бір ғана кітаптың ішінде, өмірлік жазбалар өте көп. Мысалы: психологиялық, рухани т.б. Кітап - сөз өнерінің бір туындысы. Кітап оқыған адамды рухани жағынан дамытып қана қоймай, алға қарай ұмтылдыра түседі.


Демек, кітап -бүгінгі күнде маңызын жоймаған дүние. Кітап - жас оқырманды тәрбиелеп қана қоймай, улкендерге де дұрыс жол көрсетеді. Ол жас талғамайды. Менің әлі күнге дейін кітап құртына айналған ата-әжелерім бар. Олар үнемі кітап оқуға, зейінімді ашуға кеңес беріп отырады. Солардың айтқанынан да болар, менің кітап оқуға деген қызығушылығым ерекше.


Кітап - елдің рухани қазынасы, білімнің түпсіз аспаны. Болашақта әр адам өз болашағын ойлап, дұрыс шешім қабылдап жатса, барлығы осы кітаптың арқасы ма екен деп білемін. 


Кітап бізді тек білім жағынан шыңдап қоймай, рухани байытады екен. Менің оған шын көзім жетті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу