18.01.2022
  804


Әпке

Әпке – әлемдегі ең жанашыр жақын құрбың. Дүниеге келген сәттен бастап қасында саған қоршаған ортадағы әрбір құбылыстын не екенін үйретіп, көмектесіп жүретін жүрегі мейірімге толы жан. Жалғанда сен үшін шыбын жанын құрбан етуге әркез дайын болатын, қиналғанда қасынан табылып, өзінің ақыл кеңестерімен бөлісіп, сенің дұрыс шешім қабылдауына оң септігін тигізетін жақын бауырың. 


 


Есейіп, бойжеткенде сенің ең жақын сырласатын құрбыңа айналады. Әпкеңе жүрегіндегі сезімдерді қымсынбай ашық айта бересің. Ол сенің үстіннен күліп, келеке етпейді. Керісінше, әркез саған қолдау көрсетіп, қасыннан табылады. «Әпшесі бардың тәпішкесі бар» деген сөздің астында апалы-сіңлілердің арасындағы терең махаббат жатыр. Бұл бауырлар арасындағы мызғымас сенім мен кіршіксіз махаббат. Апалы-сіңлілер бір-бірінін киімдерін кие береді. Ешқандай жиіркену сезімі жоқ, керісінше әпкеннің иісі сінген жейдені киюдің өзі бір бақыт. Тойға баратын кезде де ешқандай сән үйіне барудың қажеті жоқ. Апалы-сіңлілер өзара дайындалып, сұлу болып жүре бермек. «Қыз – қонақ» деген сөз рас. Үлбіреп бойжеткенде әке үйің тастап, өзінің құтты мекеніне қалықтап ұшып кететін қыз ғұмыры қысқа-ақ. Апалы-сіңлілер тұрмысқа шығып, жан-жаққа кетседе бір-біріне деген бауырмашылдық сезімі мен махаббаты әркез жүрегінде. Бұл әлемдегі риясыз махаббат.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу