Өлеңдер ✍️

  18.01.2022
  214


Автор: Жібек Ысқақова

Азалы күн болмасын! (10.01.2022)

Азалы күн болмасын,
Қайғы берер еліме.
Бәйтерек, гүл солмасын,
Қайғы берер жеріме.

Бұзақылық болмасын,
Ел тынышын алатын.
Бар тыныштық орнасын,
Жақсы күндер болатын.

Жаңа жылдың басы бұл,
Қан төгіспен басталды.
Бұзақылық орналып,
Түнек басты аспанды.

О, Жаратқан демей көр,
Азалы үйге күш беріп.
Қайғы-мұңды өткерер,
Жақсылықты іс беріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу