17.01.2022
  157


Фариза Оңғарсынова

Фариза Оңғарсынова – қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист. Ақын қыз 1939 жылы 5 желтоқсанда қазіргі Атыраудың Манаш ауылында дүниге келген. Әкесі оқыған, көзі ашық азамат болған әрі Атырауда алғаш балық шаруашылығын ашқын кісі. Ал анасы арабша хат танып, қазақ ауыз әдебиетін жақсы білген оқымысты жан. Үйдің кенжесі болып, бауырлары жастай қайтыс болып кетеді. Бұл оқиғалардың бәрі жас ақынға әсер етіп, көптеген өлеңдер шығара бастайды.


 


1956 жылдары өзінің алғашқы өлеңдері газет бетінде жарияланып отырды. Кейіннен 1966 жылы өзінің алғашқы жыр жинағы  «Сандуғаш» атты кітап болып   жарыққа шықты. Ақын әйелдер сезімі мен махаббаты, жан дүниесі мен нәзіктігі жайлы көп жазады. Қазақтың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүкке арнап дастандар жазған. Шығармашылығына әйел жанының нәзіктігі мен сыршылдығын арқау етеді.


Онық халық арасында кең танымал сырлы да нәзік өлеңдер көп. Олар: «Ұнатып ем», «Көріңбей кетсең», «Әйел махаббаты», «Өзімді жүрегіннің есі қылды», "Сен маған бақыттасың, қайғыдасың" сынды т.б. махаббат жайлы шығармаларын жас өскелең ұрпақтар жатқа біліп айтып жүреді.


Жақынде мектеп кітапханасынан ақынның «Мен саған ғашық емес ем» атты жыр жинағын алып оқыдым. Ақынның парасаттылығы мен өлеңдеріндегі теңеулеріне таң қалдым, сүйсіндім. Әсіресе, «Бозбаланың күнделігінен» деген қысқа өлеңдер жинағындағы махаббатың риясыздығы мен шынайылығы жаныма жақты. Өлеңдерінде әлдекімді сағынып, аңсап жүргендей әсер қалдырады оқырманда. Оның жазған өлеңдері арқылы махаббаттың кіршіксіз, риясыз және шынайы сезім екенін аңғарамыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу