17.01.2022
  271


Мәдениет

Мәдениет – адамның жан дүниесі. Мәдениет адамның ішкі әлемін өзгелерге көрсете біледі. Мәдениет көрінісіне адамдық болмыс, ақылдылық, парасатылық, ақыл-ой мен ізгілік сынды адами қасиеттер жатады. Сол арқылы мәдениет адамның қалыптасуында өзінің зор ықпалын тигізеді.


 


Әлемде адам жалғыз өзі өмір сүрмейді. Адамдармен қарым-қатынас орнатады, қоршаған ортамен, табиғатпен тікелей байланысып өмір сүреді. Осы ортаны қорғауды адамға мәдениет үйретеді. Мәдениетті адамның ойлау жүйесі мен өмірге деген көзқарасы өзгеше, ерекше болмақ. Оның сөйлеген сөзі мен іс-әрекеттері тек жақсылықты көрсетіп тұрады.


Мәдениет материалдық және рухани болып екіге бөлінеді. Материалдық мәдениет дегеніміз – адамның қолынан шыққан тың дүниелер. Әр уақыттада адамның жасаған еңбектері бағаланып, ерекше құрметке ие болған. Мәселен, қазіргі уақыттағы зәулім биік ғимараттар мен әрқилы көздің жауын алар әсем туындылардың бәрі адамның екі қолынан шыққан.


Рухани мәдениет – адамның жан дүниесі. Оның ақыл-ойы мен мінез-құлқы. Бойындағы өзгеге деген мейірімі мен жанашырлығы, риясыз махаббаты мен шынайы адалдығы, әділеттілігі. Рухани бай адам әркезде де жақсы сөздер айтып, жанындағыларды өзінің мейіріміне бөлеп, көңілді жүреді. Әркез жақсы ой ойлап, өзгелерге жақсылық жасап асөан мәдениеттілікті көрсетеді.


Әлемде рухани мәдениетті адамдар көбейген сайын әлем ерекше нұрланып, өзгеше күйге енері анық. Жақсылық жасаудан, әлемді нұрландырудан талмайық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу