17.01.2022
  159


Адамгершілік басты қасиет

Адамгершілік адамның рухани азығы. Адемгершілікпен көп нәрсе бағаланады. Мәселен жолға төлемеген ақшаң, қайтарылмаған қарызың, оңтайсызда айтылған өтірігіңнің... бәрінің де өтемі адамгершілік. Адамгершілік адами қасиеттермен бағаланады. Си-құрмет, ізет, инабаттылық, қамқорлық, мейірімділік адамгершілік құндылықтары саналады. Адамгершілік тіпті сенің адам атыңның қорғаны.


 


Адам ұятты болуы қажет, бес күндік жалғанда өзі секілді адамдардың да Алла алдындағы бірдей құқығын таптамай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз бақытына кеңеліп өтсе міне сол ғанибет.


Ал адамгершілігі төмен адамдар кімдер? Адамгершіліктің төмен не жоғары болуы мүмкін деп ойламаймын. Ол не бар, не жоқ! оның деңгейі мен өлшемі жоқ. Ол тек адам бойындағы адами, өзіне тән, сондай-ақ кез келгеннің қолынан келетін ізгі қасиеттер. Адамгершілігі жоқ адамдар жаны өсекке құмар, өзі өтірікке құмар, көзін шел басқан, ішін май басқан екіжүзділер. Иә, қазақ тіліндегі ең жаман сөздер осы кісілерге тән. Олардан жөнді тәрбие шығуы да екі тиын.


Сондықтан ұрпағыңа салиқалы әңгіме айтатын, көргеніңмен, естігеніңмен бөлісе алатын адамгершілігі мол адам атануға не жетсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу