17.01.2022
  145


Тоқтар Әубәкіров

Тоқтар Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері, ғарышкер. Ол 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды обылысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Аспан әлеміне ұшқан алғашқы қазақ азаматы. Тоқтардың бала күнгі арманы өзі туып өскен ауылын көк жүзінен тамашалу еді. Сол бала арманы оған қанат бітіріп, орта мектепті аяқтаған соң Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түседі. 


 


Ғарышкер боламын деген арманын орындауы мақсатында нақты іс-әрекеттер жасайды. Көп ізденістің арқасында 1986 жылы «Тбилиси» авиакрейсеріне «МИГ-29К» дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын қондырып алып, сол кемемен әлемде тұңғыш рет трамплиннен ұшып шықты. Осы батырлығы үшін Т.Әубекіровтың есімі Гинестің рекордтар кітабына жазылды.


Қауіпті сынақтарды бастан кешіргені үшінде батыр жігітке Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Ресей әскери қызметтен босаған соң Тоқтар Әубәкіров тәуелсіз мемлекетіміздің ғарыш саласындағы істеріне басшылық жасады, Елбасымыздың ғарыш істері жөніндегі кеңісшісі болды. Және де Тоқтар Әубәкіров – Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, халық қалаулысы. Елімізде туындап отыратын күнделікті мәселелерге белсене араласып, олардың оңтайлы шешілуіне үлесін қосуда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу