17.01.2022
  1117


Автор: Жібек Ысқақова

Жолың болсын жарығым!

Жолың болсын жарығым,
Ұзатылып барасың.
Екі әулетті қуанттың,
Табыстырып арасын.

Ашық болып аспаның,
Құтты болсын қадамың.
Құлпырып бұл жас жаның,
Бақытты бол, бағалым.

Бар жақсыны тілейді,
Ағаң бүгін тек қана.
Қосағыңмен қоса ағар,
Әрбір күннен бақ таба...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу