Өлеңдер ✍️

  17.01.2022
  812


Автор: Жібек Ысқақова

Қарындасым, бақытты бол!

Ұзатылып барасың,
Қарындасым сен бүгін.
Бақытты бол гүл жайнап,
Сәтті болып әр күнің.

Қарындасым айдай нұр,
Күлімдесін жанарың.
Жаратқаным жар болып,
Құтты болып қадамың.

Жүзіңнен күлкі кетпесін,
Бар жақсылық орналып.
Қосағыңмен қоса ағар,
Шаттықты күн жалғанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу