17.01.2022
  589


Автор: Жібек Ысқақова

Қызым менің, бағың жансын! (әкесі)

Қызым менің,
Күлімдесін, жайнасын жүзің сенің.
Құтты болсын қадамың әрбір басқан,
Сәттілікке жалғасып күнің сенің!

Қызым менің,
Жаңа өмірің басталар бүгін сенің.
Ақ тілегін арнайды шын жүректен,
Маңдайыңнан иіскеп әкең сенің.

Қызым менің,
Бағың жанып, шаттана, күлімдегін.
Қандай жағдай болмасын ешқашанда,
Бұл өмірде мұңайып, түңілмегін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу