Баталар ✍️

  17.01.2022
  4701


Автор: Жібек Ысқақова

Бармақтайын бақ берсін!

Ұзатылып барасың,
Жалғап елдің арасын!
Нұрлы жүзің күлімдеп,
Күннен шуақ тарасын!
Бармақтайын бақ берсін!
Бар жақсыны ап келсін!
Жолың ашық болып тек,
Қуанышты сәт берсін!
Жаратқаным жар болып,
Жақсы адамдар тап келсін!
Қосағыңмен қоса ағар,
Қызғалтақтай жайқалып!
Бақытты бол, алыстан,
Тұратындай байқалып!
Сыйластықты сақтағын,
Ата-енеңді құрметтеп!
Ақылдарын айтады,
Түсінсең сен, бұл мектеп.
Бар жақсыны сыйласын,
Үйрететін сол мектеп.
Мейрімді боп әрқашан,
Тамыр жайғын, өркендеп!
Қуанышта батып күн,
Таңың атсын күлімдеп!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу