Баталар ✍️

  16.01.2022
  466


Автор: Жібек Ысқақова

Ұзатылған қызға

Ұзатылып барасың,
Қызғалтағым, болсын жол!
Көңліңе кірбің түспесін,
Бақыт сыйлап өмір жол!
Қуандырып баршаны,
Елеулі бол еліңе!
Күндей шуақ шашатын,
Қалаулы бол жеріңе!
Ата-енеңнің тілін ап,
Шығар қызым төріңе!
Жаратқаным сыйлап бақ,
Алла болсын саған жақ!
Тастай батып, судай сің,
Сәттіліктер келіп, тап!
Қайынжұртқа сыйлы бол,
Қолыңдағы барды сап!
Қосағыңмен қоса ағар,
Қол ұстасып, жалындап!
Қанаттарың талмасын,
Қызыр болсын жолдасың!
Бақыттарың баянды,
Бар жақсылық орнасын!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу