Өлеңдер ✍️

  16.01.2022
  94


Автор: Дәурен Айманбетов

Ілестім. Жеткізбедің

Ілестім. Жеткізбедің.
Амалын текке іздедім.
Қалада қыз көп, бірақ,
Дәл сендей жоқ қыз дедім.
Ұнаттым. Мән бермедің.
Әйтеуір тең көрмедің.
Періште Жерде болса,
Сол үрлік – Сен дер едім.
Зеризат – асылымсың,
Перизат – ғашығым шын.
Қайрылып жұмбақ жан-ау,
Айтшы осы... осы кімсің?
Осынша мазамды алар,
Бояу ма-ең көз арбанар?
Өзіңе душар етті,
Күнәм – сан.
Жазам болар?
Қол создым. Тигізбедің.
Ерніңнен сүйгізбедің.
Іштім-ай сосын барып,
Шықпады мүйіздерім.
Тартасың кеп күштей бір,
Магниттей келгіштеймін.
Рұқсат ет, ұмытайын,
Болмады. Енді ішпеймін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу