👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  16.01.2022
  44


Автор: Дәурен Айманбетов

Өліара

Қыс келерде, қоштасарда күзбенен,
Жапырақтар құлап бiткен шағында,
Қоштасқаным және менiң сiзбенен,
Көз алдымда, әлi де әлi жадымда.
Күз қайтарда, қыс келерде ызғарлы,
Жiбердiм мен күзбен бiрге сiздi де.
Баса алмадық жаңа жауар бiз қарды,
Сала алмадық сол қарға аппақ iздi де.
Ал қыс болса, шаша бердi ақ мамығын,
Жаны бөлек! Мендiк мұңды ол сезбедi.
Күз де кеттi сыйлап жанға сары мұң,
Сiзбен бiрге көздеп, бәлкiм, өзгенi?
Әлi қайта көрермiн күз дегендi,
Өзіңізді ал, екi талай көруiм.
Күзден налып, сiзден қалып, мен ендi,
Сағыныштың жұтар болдым сары уын.
Сағынышпен өтер болды-ау жыл маздай,
Сары уайымды ғашықтан кiм жемейдi?
Сағынышсыз кетер ме едiм жыр жазбай,
Сағынып та тұру керек, е, мейлi.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы