Өлеңдер ✍️

  16.01.2022
  96


Автор: Дәурен Айманбетов

Мен ертең жол жүремiн

Мен ертең жол жүремiн.
Өзiңнен алыстау үшiн.
Әлдекiмге сал жүрегiм,
Сезiмiн табыстауы үшiн.
Тәуекел етуiм керек,
Өткендi ұмыту үшiн.
Әйтеуiр кетуiм керек,
Мұз жанды жылыту үшiн.
Қоштаспай зуылдармын,
Өзiндi сагынбас үшін.
Көңілiңдi суытармын,
Аңсарға салынбас үшiн.
Сен тартқан жарам бұл күн,
Ем қажет оңалту үшiн.
Адасып барам мүмкін -
Өзiмдi жоғалту үшiн.
Жоқ! Кетем! Жырақтармын.
Бәрi де бақытың үшiн.
Келмейдi жылап барғым,
Келмейдi жыр ақтарғым,
Жоғалтқан уақытым үшiн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу