Өлеңдер ✍️

  14.01.2022
  91


Автор: НӨСЕРҚАН ШУАҚ

Ауыл

Сұрасаң арғы бабам əлеми сақ,
Түркі туған тұраным киелі ошақ.
Жұлдыздай жамыраған тауларына,
Қадалған сауыт бұзар жебеге ұқсап.
Бір ғана бəйтеректің қамындағы,
Тас жарып терең тартты тамырлары,
Байлығы байтақ дала уысында,
Кезіп жүр салқар көштің сағымдары.
Баласы бұйда ұстаған бір-бір ауыл,
Еруілі дес бермес ерге де ауыр.
Сарқыты қазақтықтың сүлейлер бар,
Сөз дегенде келетін жырға бауыр.
Қарттарына қиянат жасамайтын,
Арулар да адымын басады айқын.
Той дегенде салтқа сай тіршіліктен,
Қара өзек шақтары босамайтын.
96 97
Бұратана ұлт тарихтан алды ырысын,
Алғанына ей уақыт жарлымысың.?
Толғауым тасығанда сыйдыратын,
Сен менің рух толы сандығымсың.
Құштар қазақ Алтайдың кезеңіне,
Кезеңнен үңілетін өзеніне.
Салбуырында құс салып, шырға тартып,
Жерұйықтың орнығар өзегіне.
Беу дүние, қауыштық күзіңменде,
Ауыл көші сортаңда сүзілгенде.
Қамшы қанап сауырын қылаңдардың,
Бүлдіргілер білектен үзілгенбе?
Ұмытып етік тікккен тарамысын,
Қызыл құдаң қалаңа барамысың.
Ауыл бала қалаға көшкен кезде,
Жетімсіреп молалар қаламысың!
Ауыл деген – жастық шақ, жарқын ғұмыр,
Ауыл деген – салт-дəстүр, алтын тұғыр.
Тұнықтан жаратылған болмысымсың,
Өлеңмен асырайын нарқыңды бір.
Жайлау жердің төрінде күрең тастай,
Киіз үй тұр қазақтан айнымастай.
Ғасырларға қалғанмен атың сенің,
Өзгерер затың адам танымастай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу