Өлеңдер ✍️

  14.01.2022
  123


Автор: НӨСЕРҚАН ШУАҚ

Жастар


Тоң жастанып ұлтының теңдігі үшін,
Сексен алты жастары берді күшін.
Сондықтан əрбір қазақ білу керек,
Жастық шақ жаратылған – ерлік үшін!
Туа сап ту ұстаған қолдарына,
Қуанам қазақ ұлы болғаныма,
Қиядан қанатымды ерте қағып,
Айналам алаш жұрты қорғаныңа.
Еуразия еркесіндей еркін желіп,
Келеміз келешекке кең түрленіп,
Туған ел тəбəрігін алуға емес,
Сақтауға ата салттың сертін берік.
Боламыз уақытқа қалай масыл,
Мəнісін біз ашпасақ тарайма сыр,
Жастар жылы осы деп бастағаннан,
Қақпасын ашады əлі-ақ талай ғасыр.
Қымбат қой қазағымның құны маған,
Болсыншы артында əрбір құлыны аман.
Ертең халқым атансақ қырандарың,
Ұлы бесік əлдилер ұлы далам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу