Өлеңдер ✍️

  14.01.2022
  91


ЕРМҰХАНБЕТ МҰРАТОВ

Ақша бұлт өлең

Аспаннан ары асалмай,
Бұлттардан бақыт іздедім.
Жалынды ішкі баса алмай,
Жұтамын н
əркес күз демін.
Жанардан тамшы төгілген,
Ақша қыз бұлттар сыңсиды.
Бақытым болып көрінген,


Нəркес аруды күн сүйді.
Ізімнен сыбдыр үн ерді,
Үп желі күздің мұңайтқан.
Бұлттарда жылап жіберді,
Жапырақтарға сыр айтсам.
Жапырақ өлең бөліп ап,
Жүрекке жаңбыр сыйладым.
Біздерсіз жабық! Өлі бақ,
Ол сөзге бірақ қимадым.
Ол жанда сенің бағың деп,
Айтады қашан құдай дүр.
Жапырақ сынды арым деп,
Мені ойлап қалқам жылай жүр...


Нəркеске ұқсар қандай жан,
Нұр самсар көктен қай асыл.
Жапырақ сынды сарғайған,
Жанымды жаным аяшы...
Жолыңа қарап елеңдеп,
Жүрегім барад шатынап.
Ақша бұлт сынды өлең боп,
Жауып тұр сары жапырақ...
Менің жаным жапырақ...
Жанымыз күнге қонақтар,


Тəнімді көмер топырақ!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу