Өлеңдер ✍️

  14.01.2022
  97


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Тоғысар түбі бағыты бірге

Тоғысар түбі бағыты бірге,
Сен едің ерке өзенім.
Ақ маржан шашар шабыты гүлге,
Тентек Текестің өзі едім.
Тасты да көміп,
Жарды да көріп,
Жабыққанды жұрт біле ме?!
Екі өзен екі арғымақ едік,
Жарыса шапқан Ілеге.
Қаншама бұлақ тастардан асып,
Тілдесті сенде бай Ілем.
Жұлдызға жуық,
Аспанға ғашық,
Шабыты бұрқы шайыр ем.
Махаббат едің шықтан да мөлдір,
Сағынышы едің сәуірдің.
Талғамы биік бұлттан да зеңгір,
Табиғатыңа ауырдым.
Көзіңе керім түнеген арай,
Мінезі мамыр маралым.
Асығайықшы Ілеге қарай,
Арнама сыймай барамын!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу